Онлайн — сенімхат

Онлайн — сенімхат
Е-Gov Mobile мобильді қосымшасында «Цифрлық нотариат» жаңа бөлімі қолжетімді.
Енді нотариалды куәландырылған сенімхаттардың барлық түрлерін онлайн рәсімдеуге болады.
Сенімхатты рәсімдеу үшін:
⁃ eGov Mobile қосымшасына кіріңіз;
⁃ «Enotary» сервисінен «Сервистер» қызметін таңдаңыз;
⁃ деректерді толтып, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» қажет;
⁃ қысқа кодты немесе биометрия бойынша қызметке қол қою керек;
⁃ нотариуспен бейне қоңырау шалуға рұқсат беру қажет;
⁃ «бейне қоңырауға өту» түймесін басып, нотариустан жауап күту керек.
Бейне қоңырау аяқталғаннан кейін пайдаланушы «Нотариаттық әрекеттер» бөлімінде өтінімнің мәртебесін көре алады.
Жаңа сенімхат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді болады және оны талап ету орны бойынша ұсынуға болады.