Қала әкімі Мұрат Жөребеков Қазақстан Республикасы Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

Қала әкімі Мұрат Жөребеков Қазақстан Республикасы Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

Мұрат Жөребеков дауысын өзі оқыған №24 орта мектепте орналасқан №57 сайлау учаскесінде берді.

«Бүгін мен № 57 сайлау учаскесінде дауыс беріп, азаматтық парызымды орындадым. Бұл учаске менің алғашқы мектебім - № 24 орта мектепте орналасыпты.

Мен осы сәтті пайдаланып, дауыс берген соң мектебімді аралап шықтым. Араға ондаған жылдар салып, 1-8 класс аралығында оқыған класыма бардым, партаға отырдым.

Жалпы, бүгінгі сайлау Мемлекет басшысы жүргізіп отырған конституциялық реформалардың нәтижесін көрсетеді. Аралас сайлау жүйесінің болуы, яғни кандидаттардың партиялық тізім бойынша да және бір мандатпен де қатысуы - осы жолғы сайлаудың айрықша ерекшелігі деуге болады.

Бұл сайлауға ақтөбеліктер де ерекше мән беріп отыр. Қаламызда 169 сайлау учаскесі бар. Бәрі де таңғы 7-ден жұмысын бастады және 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Қала тұрғындары науқаннан тыс қалмай, өз учаскелеріне барып дауыс береді деп сенемін. 330 мыңнан астам дауыс беруші тәркелген. Ел мүддесі үшін дауыс беруге шақырамын.

Шаһарымыздың игілігі, дамуы үшін өз тарапымнан қалалық мәслихаттың жаңа құрамымен сындарлы жұмыс жасауға дайын екенімді білдіргім келеді», - деп атап өтті қала әкімі.