Портал Е-license

Портал Е-license

Енді elicense.kz порталында eGov QR көмегімен авторизациядан өтіп, қызметтер ала аласыз
Жаңа мүмкіндіктерді пайдалану үшін жеке тұлғаларға:


- elicense.kz сайтында «Кіру» опциясын таңдап, «QR код» арқылы авторизация түрін таңдаңыз;
- eGov mobile қосымшасында авторизациядан өтіңіз;
- eGov mobile басты бетінде «eGov QR» батырмасын басыңыз;
- eGov QR-ды сканерлеп, қол қойыңыз.
Сұрау сәтті өңдеген кезде экранда «Қол қою сәтті аяқталды!» жазбасы пайда болады
Сондай-ақ e-lisence.kz порталында жеке тұлғаларға бір реттік СМС-кодты қолдану арқылы авторизациядан өтуге болады.
Заңды тұлғалар үшін авторизациядан өту және қызметтер алу ЭЦҚ кілттері арқылы орындалады.