"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы процесті цифрландыруды дамыту жағдайы туралы"

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы процесті цифрландыруды дамыту жағдайы туралы"

2023 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқарма бастығы С.Ә. Әбденовтың төрағалығымен, Ақтөбе облысының мемлекеттік органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы процесті цифрландыруды дамыту мәселелері бойынша және тексерулерді тіркеуге қатысты ҚР Кәсіпкерлік Кодексіне енгізілген өзгерістер туралы түсіндірме беру мақсатында семинар-кеңес өткізілді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетімен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін электрондық хаттамаларды енгізу үшін мобильді қосымша әзірленді.

Бұл жұмыстың бірінші кезеңі планшеттер арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы электрондық хаттамаларды толтыру болды. Ал жобаның мақсаты: қарапайым және жылдам әкімшілік процесс, оның ішінде айыппұлдарды төлеу, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды арттыру және жазаның бұлтартпастығы.

Кеңестің қаралып отырған тақырыптары бойынша осы саладағы қадағалау қызметі барысында туындайтын проблемалық мәселелердің негізгі тұстары қаралып, қатысушылармен пікір алмасу жүргізілді.