Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары, кәсіпорындардың, ұйымдардың, барлық меншік нысандағы мекемелердің басшылары, жеке кәсіпкерлер, жер учаскелерінің меншік иелері мен жалға алушылары!

Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары, кәсіпорындардың, ұйымдардың, барлық меншік нысандағы мекемелердің басшылары, жеке кәсіпкерлер, жер учаскелерінің меншік иелері мен жалға алушылары!

Біздің қаламыз - туып өскен жеріміз, шаңырағымыз! Өзіңнің мекеніңе деген көзқарасың - өзіңнің қолыңда. Қаламыздың тазалығы, тәртіп - әрқайсымызға қатысты.
Ақтөбе қаласының әкімдігі қала тұрғындарына, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің басшыларына, жеке кәсіпкерлер мен жер учаскелерінің меншік иелеріне және жалға алушыларына үндеу жариялай отырып, көріктендіру, абаттандыру, тазалық жұмыстарына белсенді түрде қатысып, ағымдағы жылғы 24 қыркүйекте және 1, 8, 15 қазан күндері жалпықалалық сенбіліктерді ұйымдастыруды сұрайды.
Коммуналдық шаруашылық басшыларына қаланың саябақтарын, алаңдарын, көшелерін тазалауда сенбілік қатысушыларына қолдау көрсету тапсырылды.
​Біз тұрғындардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаладағы тазалық пен санитарлық тәртіпті қалпына келтіру және сақтау бойынша барлық бастамаларын қолдаймыз.
Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларына сәйкес, барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы жеке және заңды тұлғалар өздерінің нысандарына тиесілі барлық аумақтарда (периметрі 5 метр дейін шекара), оның ішінде жеке үй иелігіндегі аумақтарда тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды. Көшелер және үй нөмірлері тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды; қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулеттік нысандарды тиісті жағдайда (бояу және жуу) күтіп-ұстайды.
Жыл мезгілдеріне қарамастан, мерекелер мен мерейтойлар қарсаңында ғана емес, үйімізде үнемі тазалық пен тәртіпті сақтайық.
Әрқайсымыздың туған қаламыздың тағдырына қатысуымыз тұрғындардың болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің үлгісі болсын!


Құрметпен,
Ақтөбе қаласының әкімдігі