Облыс әкімі Ақтөбе қаласын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты

Облыс әкімі Ақтөбе қаласын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты

4 тамыз күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласын жұмыс барысымен аралап шықты.
Өңір басшысы Шығыс-1 тұрғын үй алабындағы инженерлік коммуникациялардың құрылысымен танысты. Жыл соңына дейін 1612 жер телімі газбен және электр желісімен қамтылуы керек. Бүгінде жұмыс 50 пайызға орындалды, оның ішінде 2 мың электр тарату мұнарасы орнатылды. Құрылыс қазан айында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Оңдасын Оразалин: «Біріншіден, тұрғын үйлер салынып, адамдар тұрып жатқан аумақтар коммуникациямен салқын түспей қамтамасыз етілу керек», - деп тапсырды.
Қазіргі таңда Шығыс-1 тұрғын үй алабындағы су құбыры желілерінің құрылыс жобасы да әзірленуде. Ақтөбеде барлығы 53 тұрғын үй аумағы бар, олардың едәуір бөлігі азаматтарға мемлекет тарапынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін тегін беру нәтижесінде салыстырмалы түрде жақында пайда болған. Қазіргі таңда қалада 7 тұрғын үйді газбен, 10 тұрғын үйді , 3 тұрғын үйді сумен қамту жұмыстары жүргізілуде.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, 2023 жылдың соңына дейін барлық тұрғын үй алаптары газбен және жарықпен қамтылады, тек 15-інде сумен қамту мәселесі өзекті болып қалады.
«Сарыбұлақ – Моисеевка» жер асты су қорын игеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба жүзеге асқанда су мәселесі жабылады», – дейді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Байтұрсын Өксікбаев.
Сондай-ақ, облыс әкімі Тәуелсіздік даңғылын 8 жолаққа және Батыс-2 шағын ауданындағы М.Шоқай атындағы көшені 6 жолаққа дейін кеңейту жұмыстарының барысымен танысты. ​ Батыс-2. «Ассана-ДорСтрой» ЖШС мердігер ұйымы балалар мен олардың ата-аналарының осы аумақта орналасқан мектеп пен балабақшаға баруын қиындатпау үшін Ә.Молдағұлова көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі Ә.Молдағұлова және Тәуелсіздік көшелеріндегі көлік қозғалысын тамыз айының соңына дейін ашуы тиіс.
Қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы аяқталады. Сондай-ақ жобада жол бойына жаяу жүргіншілерге арналған орындарды орналастыру, жарықтандыру бағандарын орнату қарастырылған.
Есет батыр көшесін орташа жөндеу жұмыстары да қарқынды жалғасуда. «Нұрлы жол-7» ЖШС мердігер ұйымы тамыз айының соңына дейін Ватутина көшесінен Абай даңғылына дейінгі учаскені асфальттау жұмыстарын аяқтайды. Жолдың Абай даңғылынан Ә.Молдағұлова көшеісне дейінгі техникалық жағынан күрделі бөлігі. келесі жылы жөндеуден өтеді.
Сонымен қатар, облыс әкімі қаланың ескі бөлігіндегі, оның ішінде Матросов көшесіндегі тұрғын үйлердің қасбеттерін сырлау, ағайынды Жұбановтар көшесі бойындағы 200 үйдің ауласын абаттандыру жұмыстарымен танысты.
«Ремгорстрой» ЖШС мердігер ұйымының өкілдері ауланы жөндеу жұмыстары тұрғындардың тілегін ескере отырып, жүргізіліп жатқанына сендірді. Мәселен, жаяу жүргіншілер жолы мен автотұрақ алаңдарын қосымша ретке келтіру туралы шешім қабылданды.
Қазіргі таңда «Ремгорстрой» ЖШС барлығы алты аулаға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстар тамыз айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.