Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызметтері

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызметтері

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес кресло - арбаларға Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) немесе ҚР Электрондық үкімет порталы (http://egov.kz) арқылы арыз жазуыңызға болады. Мүгедектен сенімхат алған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) операторына жүгінуіңіз қажет.
ХҚКО-на қажет құжаттар:
1. Жеке басты куәландыратын құжат;
2. Мүгедектігі бар анықтама;
3. ОЖБ анықтамасы.
ҚР Электрондық үкімет порталы (http://egov.kz) арқылы арыз беру үшін мүгедек адамнан Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
1. жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) туралы;
2. мүгедектікті белгілеу туралы;
3. ОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді автоматты түрде қалыптастыру үшін көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі сұратылады.
Мобильді азаматтар базасында көрсетілетін қызметті алушының телефонының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының телефонының абоненттік нөміріне "Е-Собес" ААЖ-дан Әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) авторизациялау және таңдау қажеттігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.