Көп пәтерлі үйлердің тұрғындары жылыту маусымына дайындалуы тиіс

Көп пәтерлі үйлердің тұрғындары жылыту маусымына дайындалуы тиіс

Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары «Aqtobe su-energy group» АҚ-мен бірлесіп көп пәтерлі тұрғын үйлердің қазандықтары мен жертөле үй-жайларын қарап, жылу беру маусымына дайындалу керектігін ескертуде.

Жалпы алдағы қыс мезігіліне алдын ала дайындалу қажеттігін ескертеміз. Қызмет көрсететін компания (КСК, ОСИ, кондоминиум) пәтер иелерімен бекіту арматураларына, жертөледегі құбырлардың жай-күйіне және кіреберістердегі тіреуіштер бойынша, жертөле үй-жайындағы жылу торабына, жапсарлардағы құбырлардың жай-күйіне тексеру жүргізуі керек. Қажет болған жағдайда құбырларды ауыстыру, жертөле үй-жайларын жөндеу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар, үйге жылу беру басталғанға дейін жылу жүйесіне шаю жұмыстарын жүргізіп, қысымын тексеру маңызды.
Жылыту маусымы басталған шақта, қала тұрғындары пәтерлер мен үйлердің суық екендігін айтып, шағымдана бастайды. Тұрғындардың шағымын ескере отырып, тексеру жұмыстары жүргізіліп отырады. Тексеріс нәтижесінде «Aqtobe su-energy group» АҚ қызметкерлері пәтер иелерінің жылыту маусымына дайындалмағанын, шаю жұмыстарының жүргізілмегендігін анықтайды.
Сонымен қатар, тұтынушылар параметрлердің әлсіздігіне шағымданады. Жылумен жабдықтау қызметін көрсететін компания өкілдері өлшеулер жүргізіп, тексеру барысында параметрлер қалыпты жағдайда болып, бірақ батареялардың жылуы төмен екендігі байқалады. Нәтижесінде шектеуіштің диафрагмасы бітеліп қалғандығы немесе жүйеде кір жиналғандығы белгілі болып, жылыту жүйелері кір, құм арқылы тоттанып бітелгендігіне куә боламыз.
Көптеген тұтынушылардың үйінде шойын радиаторлары бар. Алайда олар кірдің жиналуына бейім, өйткені бөлімдердің ішкі көлемі үлкен болып келеді. Соның салдарынан батареялар мен көлденең бөліктер уақыт өте келе лайланады. Нәтижесінде бітелген жерлерде өткізу қабілеті төмендеп, радиаторлардың қыздыру қабілеті азаяды.
Үйлеріңізде батареяда қалыпты жылу сақталуы үшін барлық тұтынушылар кемінде екі жылда бір рет шаю жұмыстарын жүргізіп отыруы керек.
Егер бір батареяның жарты бөлігі екінші бөлігіне қарағанда айтарлықтай салқын болса, бұл радиаторлардың бітеліп қалғанын және олардағы судың дұрыс айналмайтынын көрсетеді. Бұл жағдайда тұтынушылар жылыту маусымы басталғанға дейін батареяларға шаю жұмыстарын жүргізетін мамандарға хабарласуы керек, сонда қыста пәтер әлдеқайда жылы болады.

Сонымен қатар, салқын су мәселесі бойынша да бірқатар қала тұрғындарынан арыз-шағым түсуде. Жертөлерде су құбырларының көнеруі және жасақтау барысында жіберілген олқылықтар салдарынан жобасыз, гидравикалық есепсіз салынған құбырлардан жоғарғы қабаттарға су көтерілмеу мәселелері туындайды.
Соған байланысты жаз маусымында жертөледегі су құбырларын жандандырылған мекемелермен тексеріп алуларыңыз сұралады.
Жаз – тек демалыс, жылудан ләззат алу уақыты ғана емес, бұл пәтерлер мен үйлерді жөндеу маусымы.
"Aqtobe su-energy group" АҚ абоненттерге жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде үйдегі, пәтердегі жылу жүйесінің кез келген өзгерісін жылу жеткізуші компаниямен келісу арқылы орындалатындығын еске салады. Ол үшін біздің кәсіпорынның өндірістік - техникалық бөліміне 741-795 байланыс номері арқылы хабарласу қажет (мекен-жайымыз: Сәңкібай батыр көшесі 24 «Г»)