Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызметтері

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызметтері
«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы ережесіне сәйкес "Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетеді.
Қызметті алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ келесі құжаттармен жүгінуі қажет:
1. Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
2. Ақтау туралы анықтама не сот ұйғарымының (қаулысының) көшірмесі.
3. Өкілі арқылы жүгінген жағдайда – оның өкілеттіктерін растайтын нотариат куәландырған құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.
Толық ақпаратты “Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар” бөлімі ММ-нен алуыңызға болады. Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Некрасов көшесі 112. тел: 41-66-28, 41-66-07.