Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтау

Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтау

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров кәсіби мереке күні 26 полиция қызметкерін Алғыс хаттармен марапаттады.

Қалалық әкімдікте Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті, оған қала әкімі Асхат Шахаров, полиция басқармасының қызметтері мен бөлімшелерінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Полиция қызметкерлеріне қалтқысыз қызметі үшін алғыс айта отырып, Асхат Берлешұлы қала тұрғындарының басты талабы – қоғамдық қауіпсіздік екенін және оны қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Қала әкімі жеке құрамға қызметте табыс, жауапкершіліктің жоғары деңгейін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қала тұрғындарының талаптарына сәйкес болуды тіледі және қала полицейлері алдағы уақытта да өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындайтынына сенім білдірді.