Тұрғын үй мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап берілді

Тұрғын үй мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап берілді

«Керуен сити» СОО ғимаратында Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Отбасы банк» АҚ Ақтөбе филиалы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер өкілдерінің қатысуымен азаматтардың тұрғын үй мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап беру бойынша ақпараттық іс-шара өтті. Шара барысында қала әкімінің орынбасары Сергей Ли азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қала тұрғындары баспана кезегіне тұру, мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған пәтерді жекешелендіру, “Отбасы банк” АҚ арқылы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, кезекте тұрғандар үшін бастапқы жарнаны алу ("Тұрғын үй сертификаты"), кезекте тұрғандар үшін жалға алынған тұрғын үй сомасының жартысын жабу ("жалдау ақысын субсидиялау") сияқты мәселелер бойынша мамандар кеңесін алды.
Айта кету керек, қала тұрғындары Алтынсарин көшесі, 2 үй, 30-кабинеттен баспана мәселелері бойынша кеңес ала алады. Апта сайын бейсенбі күні тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы азаматтарды қабылдау өткізеді.