Асхат Шахаров Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне барды

Асхат Шахаров Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне барды

Қала әкімі Асхат Шахаров Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының шақыруын қабыл алып, балалардың идеясынан туындаған зияткерлік жобаға қатысты.

Кездесу басында оқушылар әкімге мультимедиялық технологиялар, экология, құрылыс және денсаулық сақтау саласындағы өз жобаларын көрсетіп, болашақ жоспарларымен бөлісті.
Қала әкімі шақырғандары үшін оқушыларға алғысын білдіріп, мектеп жұмысымен танысты, балалардың идеяларын қолдау қажеттігін атап өтті.

Акт залында оқушылармен еркін форматта әңгімелесіп, балалардың мақсат-мүдделері туралы ойларын тыңдады. Балалар қаланың даму стратегиясы туралы сұрақтар қойды, кездесу соңында оқушылар Асхат Шахаровқа «100 вопросов взрослому» жобасына қатысуды ұсынды, қала басшысы оқушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға ашық жауап берді.