Халықты жұмыспен қамту орталығы

Халықты жұмыспен қамту орталығы

Халықты жұмыспен қамту орталығы мен Ақтөбе қаласы білім бөлімі бірлесіп, еңбек нарығында қажетті мамандықтарға кәсіптік бағдар беру мақсатында Ақтөбе орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Ақтөбе Фудс» ЖШС өндірісі аумағында кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында «Ақтөбе Фудс» ЖШС өкілдері өндірісті ұйымдастыру жұмыстарымен және негізгі қызмет түрлерімен таныстырды.