Қурайлыда қала әкімінің тұрғындармен тұрақты кездесуі өтті

Қурайлыда қала әкімінің тұрғындармен тұрақты кездесуі өтті

Елек және Георгиевка тұрғын алаптарында саябақтар абаттандырылып, Қурайлыда Есет батыр көшесі жөнделеді. Ал қоғамдық көлік пен жарықтандыру жұмысына қатысты шешімін күткен сұрақтар бар.
Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров пен "Алматы" ауданының басшысы Абат Көбеновтің халықпен кездесуі барысында өзекті мәселелер айтылды. Тұрғындармен осындай кездесулер тұрақты негізде өтіп жатқанын атап өту маңызды. Бұл жолы өз мәселелерін Қурайлы, Георгиевка және Елек массивтерінің тұрғындары жеткізді.

Аудан әкімі А.Көбеновтың айтуынша, өткен жылы Қурайлыдағы №59 мектептің жанынан тротуар салу жұмыстары жүргізілді. Ал Елек тұрғын алабында орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінің құрылыс-монтаж жұмысы аяқталды. Сонымен қатар, осы тұрғын алапта газдандыру және электрмен жабдықтау желілерін салу жұмыстары жасалды.

Аудан әкімі сондай-ақ биылға атқарылатын жоспарларымен де бөлісті. Атап айтқанда, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде мақсаттар мен міндеттер табысты іске асырылуда.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша Елек және Георгиевка тұрғын алаптарындағы саябақтарды абаттандыру жоспарлануда. Қурайлыда ойын алаңы орнатылады. Қурайлы тұрғын алабында Есет батыр көшесін жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жоба қазір мемлекеттік сараптамадан өтуде. «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша келесі жылға бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Атап айтқанда, Елек тұрғын алабында саябақ салу, көпфункционалды алаң салу және Қурайлыда футбол алаңын жаңғырту», - деп атап өтті аудан әкімі Абат Көбенов.

Қала және аудан басшыларымен тұрақты кездесулер тұрғындарға өзекті мәселелерді айтуға, сондай-ақ әртүрлі ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, Қурайлы тұрғыны Федор Гриценко әкімге елді мекенге жұмысқа келуге дайын терапевт дәрігердің баспана мәселесін шешуді өтінді. Қала әкімі бұл мәселе шешілетінін атап өтті. Медқызметкерге келетін болса, баспана беріледі.

Сонымен қатар, тұрғындар көшелерді жарықтандыру, жергілікті жолдар желісін жөндеу және қоғамдық көлік жұмысына қатысты бірқатар өзекті бағыттарды атап өтті. Аудан әкімі Абат Көбенов тұрғындарға мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын ұсынды: «Сіздер арнайы бастамашыл топ құрылғанын білесіздер. Мен сіздерге тұрғын алаптың проблемалық мәселелерін шешумен бірлесіп айналысуды, белсенділік танытуды ұсынамын. Сіздердің барлық өтініш-тілектерін ескерусіз қалмайтынына кепіл бола аламын», - деді.

Сондай-ақ, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жолдыбай Ізбағанбет қоғамдық көлік мәселесін де қозғады. Тұрғын алабында он мыңға жуық адам тұрады. Халықтың 90 пайызы қалада жұмыс істейді. Қоғамдық көлік жұмысы өзекті мәселе болып отыр.
«Біз тасымалдаушы компанияларды субсидиялау мәселесін шештік. Бұдан басқа, біз жолақысының одан әрі қымбаттамауы үшін электрондық билеттеу жүйесі мен осы субсидиялау жүйесін енгіздік. Бізде 3 тасымалдаушы компания жұмыс істейді. Жаңа компания 32 автобус сатып әкелді. Бұл жұмыс жалғасады. Алдағы бір-екі айда инвесторлар қалалық маршруттарға тағы 180-ге жуық жаңа автобус қосады. Сіздер білесіздер, біз электронды билеттеуді, азаматтардың белгілі бір санаты үшін жеңілдікпен жол жүруді енгіздік. Жалпы, қоғамдық көлік мәселесін түбегейлі шешуге ұмтылып жатырмыз, әсіресе биыл көп мәселе бірыңғайланады", - деді қала әкімі А.Шахаров.