Асхат Шахаров көгалдандыру бойынша мамандармен кездесті

Асхат Шахаров көгалдандыру бойынша мамандармен кездесті

Бүгін қала әкімі Асхат Шахаров қаланы көгалдандыру мәселелерімен айналысатын алматылық мамандармен кездесті. Кеңеске қала әкімінің орынбасары Дамир Кубенов, "КазГипроЛесхоз" ЖШС бас инженері Әлім Бөкейханов, Орманмеративтік партиясының жетекшісі Махамбетқали Кәрімов, Алматы қаласы аграрлық университетінің профессоры Бұлқайыр Мамбетов және қалалық ТҮКШ мамандары қатысты.

Тәжірибелі мамандар жасыл желектерді күтіп ұстауға қатысты өз зерттеулерімен бөлісті. Жалпы, көгалдандыруға топырақтың тұздануы және жауын-шашынның аздығы кедергі келтіреді, бұл күрт континенталды климатқа байланысты. Сондықтан қаланың көгалдандыруға бөлінген барлық учаскелерінде топырақ қабатын зерттеу қажет, дейді алматылық мамандар.
Ақтөбенің климаты қуаң, жасыл желек үшін өте қатал, сондықтан көшеттерді таңдағанда бірнеше параметрлерді ескеру қажет. Отырғызылатын көшеттер құрғақшылыққа және тұзға, аязға төзімді болуы керек және су ресурстарының тапшылығын ескере отырып, суды мүмкіндігінше аз тұтынатын талдарды еккен дұрыс, - деді қалаларды көгалдандыру бойынша тәжірибелі мамандардың бірі Бұлқайыр Мамбетов.

Соған қарамастан, саябақ аймақтарын дамыту, ақтөбеліктердің демалуы үшін қолайлы жағдай жасау – қала басшылығының алдында тұрған басты міндеттердің бірі, деді қала әкімі Асхат Шахаров.
«Қала аумақтарын көгалдандыру - бұл жеңіл процесс емес. Бұл - біздің ұйымдастыруымызды қажет ететін міндеттің бірі. Сонымен қатар, бұл процеске топырақ құнары мен өсімдіктерді зерттейтін мамандарды тарту өте маңызды. Олар бізге жасыл белдеу құруға бағытталған жұмысымыз бойынша ғылыми ұсыныстар береді. Олардың зерттеу нәтижелерін күзгі ағаш отырғызу кезінде пайдалануды жоспарлап отырмыз. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін барлық жұмыс барысын әлеуметтік желілерде жариялайтын боламыз", -деп түйіндеді Асхат Шахаров.

Айта кетейік, Ақтөбеде жасыл белдеу құру, қалалық қоғамдық кеңістікті көгалдандыру үшін зерттеу жұмыстарын Қазақстанның басқа қалаларын көгалдандыру бойынша мол тәжірибесі бар "КазГипроЛесхоз" компаниясы ұсынатын болады.