Қурайлы мәдениет Үйінде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Жылап келіп, келмейді жылап кеткім» атты поэтикалық қойылымы өтті.
Шараның мақсаты: Ақынды еске алу арқылы өміршең поэзиясын ұрпақ санасына сіңіру; өмірі мен шығармашылығын бүгінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау; ақын өлеңдері арқылы өскелең ұрпақты адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Поэтикалық кеште мәдениет Үйінің шығармашылық бөлім қызметкерлері, «Асыл сөз» үйірмесінің оқушылары ақын поэзиясын сахналау арқылы өлеңдерін оқыды. Сахналық қойылымның шымылдығы Мұқағали ақынның өз даусымен оқыған өлеңімен ашылды. Қойылымда тартысқа толы, көзі тірісінде лайықты бағаланбаған ақын өмірі бейнеленді. Жастарға қанат бітіріп шабаттандыратын, жаңа қадамдарға бастайтын өсиетті өлеңдері оқылды.
Поэтикалық қойылымның режиссері – мәдениет Үйінің көркемдік жетекшісі, жас актер Әлимұхан Айдынмұрат.