Ақтөбе қаласының 2050 жылға дейінгі бас жоспарының екі кезеңі таныстырылды

Ақтөбе қаласының 2050 жылға дейінгі бас жоспарының екі кезеңі таныстырылды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, Ақтөбе қаласының әкімі, сонымен қатар, «Урбостиль» ЖШС жобалық-қала құрылысы фирмасының өкілдері қатысты.
«Біз жаңа бас жоспардың 1-2 кезеңін әкелдік. Онда 2050 жылға дейінгі қала құрылысы құжатының негізгі қағидатты бағыттары белгіленген»,- деп жеткізді «Урбостиль» ЖШС директоры Любовь Нысанбаева.
Облыс орталығы алдағы 25 жылда дамитын стратегиялық құжатта қала демографиясының дамуы көрсетілген.
Жобалаушылар 2050 жылға қарай Ақтөбе Қазақстанның 950 мың адам тұратын ірі мегаполисі болады деп есептейді.
Бас жоспарды таныстыру барысында Любовь Нысанбаева: «Біз Ақтөбенің аумақтық дамуын анықтауға мүмкіндік беретін барлық есептеулерді жасадық, тұрғындарды мобильділікпен қамтамасыз ету үшін көлік жүйесіне қатысты сұрақтарды әзірледік. Олардың қатарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолайлы орта қалыптастыру сияқты маңызды деген сұрақтар бар»,- деп атап өтті.
Сондай-ақ,табиғаттық-климаттық жағдайды ескере отыра тұрғын үй алаптарын су тасқынынан қорғау тұжырымдамасы әзірленді. Атап айтқанда, жобалаушылар Ақтөбедегі үлкен айналма жолдың бойына қар мен еріген суды бөгейтін 260 метрлік жасыл белдеу жасауды ұсынып отыр.
Жиын соңында облыс әкімі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшыларына стратегиялық құжатты егжей-тегжейлі зерттеп, ​ бірқатар ұсыныстар еңгізуді тапсырды.