Ақтөбе облысында "Тұрмыс"жедел алдын алу шарасы басталды

Ақтөбе облысында "Тұрмыс"жедел алдын алу шарасы басталды

24-30 қаңтар аралығында тұрмыста мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ криминогендік жағдайды тұрақтандыру мақсатында "Тұрмыс" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.
Полиция қызметкерлері отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар, рецидивтік қылмыстар жасауға бейім адамдармен профилактикалық жұмыс жүргізеді. Өздеріне қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған не мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауына ерекше назар аударылатын болады. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда заңда көзделген әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданатынын еске саламыз.
Полиция департаменті азаматтардан отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасағаны, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді заңсыз сатқаны туралы қандай да бір ақпарат білген жағдайда, "102"арнасына хабарлауды сұрайды.