Облыс әкімі түнгі Ақтөбені аралады

Облыс әкімі түнгі Ақтөбені аралады

30 желтоқсан, бейсенбі күні облыс әкімі Ақтөбе қаласын қызмет бабымен аралап, биыл қаладағы көшелер мен аулаларды түнгі, соның ішінде декоративті жарықтандыру бойынша атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижелерімен танысты.
Өңір басшысы Абай даңғылы бойындағы гүл бағының жарықтандырылуын, соның ішінде биіктігі 11 метр, ұзындығы 40 метр болатын "Жұлдызды аспан" аркасын қарап шықты.
Сондай арка Триатлон паркінде де орнатылған.
"Өзіңіз тапсырғандай, мерекеге орай қала уақытша емес, жыл бойы тұратын иллюминациямен әсемделді",- деді қала әкімі Асхат Шахаров.
Ол бүгінге 150 нысанды, соның ішінде Әбілқайыр хан, Абай, Әлия Молдағұлова даңғылдарындағы, Тургенев пен Сәтпаев көшелеріндегі көпқабатты үйлерді декоративті жарықпен безендіру жұмыстары толықтай аяқталғанын атап өтті.
Асхат Шахаров: "Келер жылға Есет батыр көшесі тұр. Сіздің тапсырмаңызбен осы көшедегі жолды төрт жолаққа дейін кеңейте отырып, жөндеу құжаттамасын дайындадық,- деп жалғастырды.
Сондай-ақ, облыс әкімі "Шахматшылар" және "Достық" гүл бақтарының абаттандырылуымен танысты. Мұнда жаңа шамдар қондырылып, талдар, кіре беріс арка жарықпен безендірілді, орындықтар және т.б. орнатылды.
"Бұрын бұл саябақпен жүру қорқынышты еді, ал қазір керісінше, осы әсемдікке күн сайын таңертең жұмысқа кетіп бара жатып және кешке үйге келе жатып тамсанамын. Мұнда әдемі, балалармен сүйсіне қыдырамыз",- деді "Достық" гүл бағының маңында орналасқан үйдің тұрғыны Зубайда Ғалиақбарова алғысын білдіріп.
Өңір басшысы облыс орталығын абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жарын да жалғасатынына сендіріп, жергілікті атқарушы органдардың басшыларына тиісті тапсырма берді.
"Биыл біраз аула мен алаң абаттандырылып, жарықтанды. Қараусыз қалған қоғамдық кеңістіктерге баса назар аударылды. Нәтижесін, мәселен, аллеялардың қалай өзгергенін қала тұрғындары өздері көріп отыр. Сүйікті қаламызды абаттандыру жұмыстары жалғасады. Адам өміріне қолайлы жағдай жасау - біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Ескі шағын аудандарды қалпына келтіруге, ал Нұр Ақтөбе және Батыс сияқты жаңа аудандарды гүл бақтарымен, жарықпен, абаттандырылған аулалармен қамту үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар деп ойлаймын. Біз қаланы декоративті иллюминациялау жұмыстарын жарын жалғастыратын боламыз, бұдан ол жарығырақ, қызығырақ болады. Мұнда иллюминацияның екі мағынасы барын айта кету керек: біріншісі - декоративті, екіншісі - қосымша жарық, яғни қала тұрғындарының қауіпсіздігіне қатысты сұрақ. Велосипед жолдарын салуға да белсенді кірісетін боламыз - бұл уақыт еншісінде және экологияға тікелей әсер етеді",- деп атап өтті Оңдасын Оразалин.
Қаланы аралау кезінде облыс әкімі 58 LED жарықшамдар орнатылған Пацаев көшесін жарықтандыру жұмыстарымен де танысты. Жаңа жарықшамдар түсті дұрыс жібереді әрі үнемді. Бұл жол қозғалысын қауіпсіз етеді.
Жұмыс сапары Ә.Молдағұлова даңғылы мен С.Бәйішев көшесі қиылысында орналасқан 25 метрлік жарықтандыру бағанасын тексерумен аяқталды.
«ИнтерЭлектроКомплект» ЖШС мердігер мекемесінің өкілі Александр Грабов: "Жолдардың неғұрлым қауіпті жерлері мен қиылыстарында тағы сондай жеті бағана орнатылды. Сондай-ақ, жол полициясының мәліметіне сәйкес көше жарығын жаңғырту және жол қозғалысының қауіпсіздігін көтеру аясында жаяу жүргіншілер өтетін 20 проблемалық жол жарықтандырылды",- деп жеткізді.
Айта кету керек, 2022 жылы қалада аса қауіпті жол учаскелеріне 18-ге жуық биік жарықтандыру бағаналарын орнату жоспарлануда.