"Нұр Ақтөбе" 2 шағын ауданында Букинист бұрышы ашылды

"Нұр Ақтөбе" 2 шағын ауданында Букинист бұрышы ашылды

"Нұр Ақтөбе" 2 шағын ауданында Букинист бұрышы ашылды. Ашылу салтанатына Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданының әкімі Әміржан Оразғалиев қатысты. Букинистер бұрышы кәсіпкерлердің қолдауымен ашылды.

Букинист бұрышы Нұр-Ақтөбе тұрғын алабы, 2-ші шағын аудан, №5 үй мекенжайындағы көпқабатты үйдің жертөлесінде орналасқан.

Ақтөбелік екі кәсіпкер Алтынбек Қазантаев пен Алмаз Дүйсенов букинист бұрышын көпқабатты үйдің жертөлесінен жабдықтау туралы шешім қабылдады. Олар смартфондарда отырған жастар осы бұрышқа қызығушылық танытып келіп, кітап оқиды деп үміттенеді.
Кез-келген адам кітаптарды аз ғана ақыға үйге алып кетіп оқи алады. Ескі кітаптарды букинист бұрышына әкеліп тапсыруға да болады.