ҚАЗАНҒАП АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІНДЕ СУРЕТТЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ

ҚАЗАНҒАП АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІНДЕ СУРЕТТЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, сондай-ақ балалар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау мақсатында Ақтөбе қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Қазанғап атындағы балалар өнер мектебімен бірлесіп, 2021 жылғы 26 қарашада қала мектептерінің жас суретшілері арасында «Мен және өрт қауіпсіздігі» суреттер көрмесін ұйымдастырды.
Конкурсқа 45 жұмыс қойылды, онда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі және өрт салдары туралы тақырып ашылды.
Көрме соңында үздік жұмыстар анықталып, 1, 2, 3 орындарға дипломдар табыс етілді, сондай-ақ барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары бар сертификаттар табыс етілді.