«Қақпа алдындағы кездесу» акциясы өткізілді

«Қақпа алдындағы кездесу» акциясы өткізілді

Ақтөбе облысының Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті, «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бірлесіп «Қақпа алдындағы кездесу» акциясы аясында КА-168/1 және КА-168/2 түзету мекемесінен босап шыққан тұлғалармен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында «Еңбек» бағдарламасы аясында, қысқа мерзімді қайта даярлау курсына, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына (тұрақты және уақытша жұмыс орындарына) және басқа да ұсынылатын қызмет түрлері туралы толық ақпарат берілді.
Жазасын өтеп жатқан тұлғалар бос жұмыс орындары мен әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу туралы сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алды.