Ақтөбе қаласының ТЖБ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көп пәтерлі тұрғын үй – жатақхана тұрғындарымен (ағайынды Жұбановтар, Маресьев, Тургенев көшелері бойынша) жиналыс өткізді, әсіресе жылыту кезеңінде газ баллондарды дұрыс пайдалану және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша кеңес берілді.
Азаматтармен өрт қауіпсіздігінің ережелері мен талаптары туралы әңгіме жүргізілді, ТЖ қызметкерлері электр сымдарының жай-күйін мұқият қадағалауды, ешбір жағдайда өз пәтерін әртүрлі қоқыспен жаппауды, үйде, кіреберісте темекі шегуге, қолдан жасалған жылытқыштарды пайдалануға тыйым салуды ұсынды. Сондай-ақ, ескерту сипатындағы брошюралар мен парақшалар таратылды. Барлығы 350 адамды қамтыған 5 жиналыс өткізілді.
Құрметті азаматтар, өртті байқаған кезде дереу «101» телефоны арқылы немесе «112» ұялы телефоны арқылы өрт сөндіру бөлімін шақырып, өзінің нақты мекен-жайын, өрт объектісін хабарлап, өрт сөндіру бөлімін қарсы алу керектігін ескертеміз.
Егер енді жанып басталса, оны сумен оңай сөндіріп, қалың көрпемен, құммен жабу керек. Ешбір жағдайда жанып жатқан электр сымдары мен кернеудегі электр аспаптарын сумен сөндіруге болмайды - бұл өміріңіз үшін қауіпті. Егер Сіз өртті сөндіре алмайтыныңызды көрсеңіз, тез арада үй-жайдан шығыңыз. Ешқашан түтін бөлмеде оқшау жерлерге тығылмаңыз.
Есіңізде болсын, өртті сөндіргеннен гөрі алдын-алу оңай және кішкентай сіріңке тұтанса, үлкен апатқа айналуы мүмкін!
Ақтөбе қаласының ТЖБ.