Мемлекеттік қызметтер бойынша семинар өтті

Мемлекеттік қызметтер бойынша семинар өтті
Қала әкімдіктері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Ақтөбе облысы бойынша өкілдерімен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Сәулет және қала құрылысы, азаматтық хал актілерін тіркеу, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, спорт, тұрғын үй қатынастары, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртібі, талап етілетін құжаттар тізбесі түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметтерді одан әрі электронды форматқа және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көшіру басты міндет болып табылады.