Мемлекеттік қызметтер жәрменкесі

Мемлекеттік қызметтер жәрменкесі

 Ағымдағы жылдың 5 қазаң күні online режимінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, сонымен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары өкілдері Ақтөбе қаласы әкімдігімен бірлесіп, тұрғын үй қатынастары, «instagram» әлеуметтік парақшасында жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша түрде жәрмеңке өткізді.
Жәрмеңкені өткізудің негізгі мақсаты - мемлекеттік органдармен көрсетілетін қызметтердің түрлері мен олардың алу тәртібі туралы ақпаратты халық арасында кері байланысты орната отырып, кеңінен насихаттау.
Онлайн жәрмеңкенің ерекшелігі - республикамыздың барлық өңірінде алғашқы рет бір мезетте өткізіліп отырғандығын атап өту қажет.
Жәрмеңкені өткізу кезінде азаматтарға мемлекеттік қызметтерді қалай және қайдан алу керектігі, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі туралы толғандырып жүрген сұрақтардың жауаптарын алуға мүмкіндік берілді.