Облыс әкімі Ақтөбе қаласын жұмыс бабымен аралап шықты.

Облыс әкімі Ақтөбе қаласын жұмыс бабымен аралап шықты.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин 6 қазан, сәрсенбі күні Ақтөбе қаласын жұмыс бабымен аралау кезінде жолдардың құрылысымен, көшелердің​ абаттандырылуы
және жарықтандырылуымен
танысты.
Гарнизонная көшесінде ұзындығы 739 метрлік автокөлік жолының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. "КТП" ЖШС мердігер ұйымының өкілдері жұмыстың барысы жайлы есеп берді.
Жолдың жөндеу жұмыстарынан бөлек, жоба жалпы ұзындығы 1 100 метр болатын көшелерді, жаяужолдар мен жол жиегіндегі автотұрақтарды жарықтандыруды қарастырған. Жұмыс қазан айының екінші жартысында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Қазан айының соңына қарай Қисық көлдегі жолдың көптен күткен жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс. 6 қазан күні асфальт жабындысының бірінші қабатын төсеу басталды. Барлығы 1987 метр жолға асфальт төселетін болады.
Оңдасын Оразалин "Tolagai-2050" ЖШС мердігер мекемесіне Қисық көл тұрғындарының саяжай ұжымының бір бөлігін жаңа жөнделген жолмен қосатын қара жолдың 12 метрін асфальттау туралы өтініштерін қанағаттандыруды​ тапсырды.
" Түптеп келгенде бәрі тұрғындар үшін істеліп жатыр, сондықтан, егер мүмкіндік болса өтінішті орындау керек",- деді О.Оразалин.
Қаланы қызметтік аралау қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстарының барысымен танысумен жалғасты.
Ә.Молдағұлова даңғылы бойындағы Теміржол басқармасы ғимаратының алдындағы гүл бағын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. "Qala invest" ЖШС жұмысшылары 12 мың м2 суару жүйесін орнатып, көгалдандыру, жарықтандыру жұмыстарын жүргізді, жаяу жүргіншілер жолын төседі, балалар ойнайтын және воркаут алаңдарын, орындықтар, қоқыс жәшіктерін және т.б. орнатты. Барлық атқарылған жұмыстың кепілі - 2 жыл.
Ағайынды Жұбановтар көшесінде де облыс әкімі «Жастар аллеясымен» танысып, қалпына келтіру жұмыстарына оң баға берді. Айта кетейік, қалпына келтіру жұмыстары аясында аллеяға қарай шығатын екі көпқабатты үйде жастарға арналған түрлі-түсті суреттер салынған жаңа арт нысандар болады.
Өңір басшысы сондай-ақ триатлон паркінің де абаттандыру жұмыстарын қарап шықты. Белсенді демалысты жақсы көретіндер үшін мұнда жүгіретін және велосипедпен жүретін жолдар салынған, сонымен қатар, арка тәрізді бірегей LED- экран орнатылған, жарықтандыру және суару жүйелері жолға қойылған. Тұрғындардың қалауымен жаяу жүргіншілер жолы салыныпты.
Облыс әкімі сонымен қатар, облыс орталығындағы көшелердің жарығын да тексерді, соның ішінде Әлия Молдағұлова даңғылы бойындағы жарық иллюминациясын қарап шықты.
Айта кетейік, қазіргі таңда Ақтөбеде қала көшелері мен аулаларын түнгі жарықпен қамтамасыз етудің ауқымды жұмыстары жүргізілуде.
Ақтөбе қаласының әкімі А.Шахаров: «Сәтпаев, Тургенев көшелерінің бойындағы көшелер мен үйлерді жарықпен қамту жұмыстары жалғасуда. Некрасов көшесіне де жарық келеді. Жалпы, қаланы жарықтандыруға байланысты үлкен жоба жасадық – көне жарық нүктелері ауыстырылып, 9 мыңға жуық жаңа тіреу орнатылады. Асфальт төсеу, жарықтандыру, балалар ойнайтын және спорт алаңдарын орнату сынды аулаларды абаттандыру бойынша белсенді жұмыстар жалғасып жатыр.
Биыл 200-ден астам ауланы, келер жылы сіздің тапсырмаңыз бойынша осы жұмыстарды ауқымды түрде жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Көшелерге жарық беру жұмыстарын да бастап кеттік. Жыл соңына дейін қаланың барлық жеріне 700 жарық нүктесін орнатуды аяқтаймыз. Келер жылы жарық беру жұмыстары да ауқымдырақ жүргізілетін болады. Ондаған жылдар бойы жөндеу көрмеген барлық ауланың абаттандыру жұмыстары біздің жоспар бойынша жуық арадағы екі жылда толықтай аяқталатын болады», - деп есеп берді.
Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі қала басшылығына облыс орталығын әрі қарай абаттандыруды және жүзеге асырылып жатқан жобаларды уақытында аяқтауға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.