312 атқыштар дивизиясы даңғылына жол таңбаларын сызу жұмыстары жүргізілді

312 атқыштар дивизиясы даңғылына жол таңбаларын сызу жұмыстары жүргізілді

Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері қалалық әкімдік мамандарымен бірлесе отырып, көлік нөпөрі жоғары 312-атқыштар дивизиясы даңғылына жол таңбаларын сызу жұмыстары жүргізілді. Жол бөлігінде кептеліс болдырмау және қарсы беттегі көлік нөпірінің анық көрінуін қамтамасыз ету мақсатында жолды бөлу жолағына қосымша солға қарай бұрылыстар сызылды, сондай-ақ бөлу жолақтары қызыл түспен боялды. Сонымен қатар жаяу адамдардың қауіпсіздігі үшін жаяу жүргіншілер өтпелері кеңейтіліп, жолдан өту барысында қауіпсіздік шараларын ұмытпауды ескертетін жазулар жазылды.
Ақтөбеліктерден өздеріңізге жүктелген қауіпсіздік шараларын ұмытпауды сұраймыз!