Ардагерлер кеңесінің есептік-сайлау конференциясы өтті

Ардагерлер кеңесінің есептік-сайлау конференциясы өтті

Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің есептік-сайлау конференциясы өтті
Сәрсенбі күні Ақтөбе облысының әкімдігінде VІІІ облыстық ардагерлер кеңесінің есептік-сайлау конференциясы өтті.
Жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин төрағалық етіп, қала әкімі Асхат Шахаров, қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары онлайн-режимде қатысты.
Күн тәртібінде Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің атқарған жұмыстары туралы есеп, ревизиялық комиссияның есебі, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелерін, ревизиялық комиссияның мүшелері мен VIII республикалық съездің делегаттарын сайлау секілді сұрақтар қаралды.
Конференция кезінде облыс әкімі ардагерлер ұйымдарын президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында қойған міндеттерді жүзеге асыруға белсенді ат салысуға шақырды.
« Ардагерлер, аға буын - сіздер қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуда ерекше маңызға иесіздер. Бұл мемлекет басшысының бізге қойған басым міндеттерінің бірі»,- деді Оңдасын Оразалин.
Конференция соңында облыстық ардагерлер кеңесінің есептік кезеңдегі жұмысына оң баға берілді. Барлық деңгейдегі ардагерлер ұйымдарының таяу жылға арналған міндеттері анықталды. Облыстық ардагерлер ұйымның 47, ревиязиялық кеңестің 3 мүшесі, сонымен қатар ақтөбе облысының құрметті ардагерлерінің арасынан VIII республикалық съезге баратын 5 делегат сайланды.