"Отбасы күніне" орай көп жылдар бойы отасқан жұптарды құттықтау

"Отбасы күніне" орай  көп жылдар бойы отасқан жұптарды  құттықтау

ҚР Елбасының 01.03.2013 жылғы жарлығына сәйкес, біздің елімізде қыркүйек айының әр екінші жексенбісі "Отбасы күні" болып жарияланған. 10.09.2021 жылы, Отбасы күні қарсаңында, қалалық Мәдениет Үйінде "Шаңырағым - шаттығым" атты мерекелік шара өткізілді. Шара барысында Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімі көп жылдар бойы отасып, бала-шаға өсіп-өндіріп, немере-шөбере сүйіп отқан, және ағымдағы жылы ерлі-зайыптылық өмірінің 40 және 50 жылдығын тойлап отқан "Алтын той" және "Лағыл той" иелерін құттықтады.
Ақтөбе қалалық АХАТ бөлімі басшысының орынбарасы М.Игисенова әр жұпты отбасылық мерейтойларымен құттықтап, жапырақтары кең жайылып әлі де көп жылдар берекелі өмір сүруді тілеген жылы лебіздерімен, қалалық әкімдігі атынан естелік сыйлақтырын табыс етті.