Бүгін Ақтөбеде Ізімғали Көбеновтің құрметіне мемориалды тақтаның ашылуы болды

Бүгін Ақтөбеде Ізімғали Көбеновтің құрметіне мемориалды тақтаның ашылуы болды

Бүгін Ақтөбеде Ізімғали Көбеновтің құрметіне мемориалды тақтаның ашылуы болды. Оған «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының мүшелері Қазақстанның әр аймағынан келді. Ақтөбелік ардагерлер, қоғамдық белсенділер, жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысты.

Ізімғали Көбенов – «Невада-Семей» Батыс Қазақстан аймағы филиалының директоры қызметін атқарды. Ол ҚР Денсаулық сақтау жөніндегі комиссиясының мүшесі және еліміздің орталығын қазіргі Астана қаласына көшіру туралы ҚР Жоғары Кеңесінің қаулысын шығаруға белсенділік көрсеткен депутаттарының бірі болған. Ізімғали Әбдірахманұлы тәуелсіз қазақ елінің көптеген проблемаларын шешуге белсене ат салысты. Семей ядролық сынақ алаңын жабуға белсене қатысқан. Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың 70-80 жылдық мерей тойларын өткізу жөніндегі ҚР Мемлекеттік Комиссиясының мүшесі болды. Батыр қыздың ескерткішін қоюға елеулі еңбек сіңірген азамат.1995-97 жылдары М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы ғылым Кеңесінің мүшесі болды. 1994 жылы Дания астанасы Копенгаген қаласында өткен бүкіл Дүниежүзілік ядроға қарсы қозғалыс конгресінің делегат құрамында болды.