Бизнесті қорғау

Бизнесті қорғау

Кәсіпкерлікті қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының Президентінің 01.09.2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында нақты көрсетілген.

Жолдауға сәйкес, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, кәсіпкерлердің өтініштерін қарау прокуратура органдарына жүктелді.

Сонымен қатар, Бас прокуратураның бастамасымен прокурорлық қадағалауды азаматтар мен бизнес проблемаларын тиімді шешуге сапалы түрде қайта бағдарлау мақсатында заңнамалық шаралар қабылданып, 2021 жылдың 2 шiлдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

Аталған Заңмен бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге түзету енгізілді, соның ішінде 04.09.2021 жылдан бастап «Прокуратура туралы» Заңына өзгерістер күшіне енді.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілері бойынша арыз-шағымдарды прокуратура органдары қарауға міндетті екенін жеткіземіз.

Осыған орай, мемлекеттік органдардың тарапынан негізсіз тексерулер жүргізу мен қызметіне кедергі жасау фактілері орын алған жағдайда кәсіпкерлер құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында прокуратура органдарына тікелей арыздануға болады.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында тұрақты түрде Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп мобильді топ жүзеге асырылуда.

Құрметті Ақтөбе қаласының кәсіпкерлері! Мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласу, негізсіз тексерулер жүргізу мен кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау фактілері бойынша Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасына және кәсіпкерлер Палатасына хабарлауды сұраймыз.

Аудан прокуратурасы: 22-03-22, 8-702-945-4233, 8-747-459-4747

«Атамекен» ҰКП: 74-46-06, 8-702-567-8011, 8-701-784-8582