Қалалық мәслихаттың кезекті ІХ сессиясын өткізілді

Қалалық мәслихаттың кезекті ІХ сессиясын өткізілді

31 тамыз күні мәслихат хатшысы Анар Даржанованың төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясы онлайн форматта өткізілді.

Сессияда қала әкімі Асхат Шахаров және Астана ауданы әкімі Мамырғали Аққағазов, Алматы ауданы әкімі Әміржан Оразғалиев ағымдағы жылдың 7 айда атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша есеп беріп, 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу және өзге де мәселелер қаралды.

2021 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге 2,9 млрд.теңге бөлінді. Асхат Берлешұлының хабарлауынша, жоспар бойынша сумен жабдықтау желілері – Құрайлы, Құршасай, Рауан, Заречный т/а, электрмен жабдықтау желілері – Құрайлы, Құршасай, Рауан, Ақшат-2, Ақжар+ т/а, газбен жабдықтау желілері – Жаңақоныс-3, Құршасай, Ақшат-3, Қурайлы, Ақжар+ т/а жүргізіледі.

Көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 5,7 км автомобиль жолдарының құрылысы («Рауан», Қызылжар және Кривое көлі), 12,2 км автомобиль жолдарын қайта жаңарту (Тәуелсіздік көшесі, Елек өзені арқылы өтетін көпірден «Ақтөбе-Орск» а/ж дейін) жұмыстары жүргізілуде. Аулаішілік жолдарды жөндеу бойынша 64 жолдар толығымен асфальтталады, бүгінгі күнге оның 30-ы аяқталған.

Қоқыс өңдеу мәселесін шешу үшін Греция елінің тәжірибесінде қоқыс өңдеу зауытын ашу жоспарланған. «Оператор РОП» ЖШС қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба бойынша қоқысты жинау, сұрыптау, әрі қарай өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Алматы ауданы бойынша қоқыс шығаратын «Азия комфорт» ЖШС өз жұмысын тоқтатып, бүгінгі күні оның аудандары «Clean City Aktobe» ЖШС компаниясына беріліп отыр.

Сессия барысында азаматтардың жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте жолақы жеңілдігін белгілеу мәселесі қаралды. Осылайша, қоғамдық көлікте тегін жүретін санаттар: ҰОС қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар, тыл еңбеккерлері мен басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандар, І топ және ІІ топтағы зағип мүгедектер 50% жеңілдікпен жүретіндер: зейнеткерлер, ІІ және ІІІ топ мүгедектері және мүгедек балалар болып бекітілді. Бұл шығыстар жергілікті бюджеттен өтелетін болады