Қысқа мерзімді қайта даярлау курстары

Қысқа мерзімді қайта даярлау курстары

Ақтөбе қаласы бойынша «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына 174 адамды оқыту жоспарланды.
Қазіргі таңда, еңбек нарығында сұранысқа ие «тігінші» мамандығы бойынша «Глобалспецодежда» ЖШС жанындағы «Үміт» оқу орталығына 23 тігінші бағытталды. Соның ішінде, 10 бағдарлама қатысушысы мамандығы бойынша оқуды нәтижелі аяқтап, сертификаттарын қолдарына алды, «Глобалспецодежда» ЖШС тұрақты жұмысқа орналастырылатын болады.
Компанияда тұрмысы төмен, көп балалы әйелдерге әлеуметтік және материалдық қолдау қарастырылған. Мысалы: көп балалы ана Шолпан Бисембаева оқу кезіндегі жауапкершілігі мен тәртібі үшін кәсіпорын басшысы Н.А.Шабаеваның қолынан тігін машинасын алды және бағдарламаның тағы бір қатысушысына үздік оқығаны үшін ақшалай сертификат табысталды.