Сырттан әкелінген автокөліктерге қатысты ақпарат

Сырттан әкелінген автокөліктерге қатысты ақпарат

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Уақытша әкелінген автокөліктерге» қатысты келесіні түсіндіреміз Еуразиялық экономикалық комиссияның 2021.04.05. № 25 шешіміне, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 32-бабына сәйкес, Сovid - 2019 короновирустық инфекциясының таралуының алдын алуға және болдырмауға бағытталған шараларды қабылдауға байланысты қалыптасқан жағдайға және жеке тұлғалар үшін өз құқықтарын іске асыруға және уақытша әкелінген көлік құралдарын уақтылы әкету жөніндегі міндеттерін орындауға, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешім қабылдады:
1. Көлік құралдарын әкету мерзімінің өтуі 2020 жылғы 1 наурыздан бастап 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде аяқталған жағдайда, мұндай мерзім 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін қоса алғанда ұзартылсын:
а) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты уақытша әкелу мерзімі;
б) одақтың кедендік аумағынан әкету мақсатында жеке пайдалану үшін уақытша әкелінген көлік құралдарын кедендік декларациялау жүзеге асырылатын мерзім;
в) еркін экономикалық аймақтың аумағында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған жеке пайдалануға арналған көлік құралдары осындай еркін экономикалық аймақтың аумағынан одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай уақытша әкетілуі мүмкін мерзім.
2. 1 – тармақтың "а" - "в" тармақшаларында көрсетілген мерзімдерді ұзарту кеден органының рұқсатынсыз және кедендік декларациясыз жүзеге асырылады.
Уақытша әкелу мерзімдерін ұзарту жеке тұлғаларды Кеден кодексінде белгіленген талаптарды сақтаудан, сондай-ақ көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын кері әкету жөніндегі міндеттен босатпайды.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде келесіні түсіндіреміз: жоғарыда көрсетілген мерзім ЕАЭО елдерінен (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Армения Республикасы) әкелінген көлік құралдарын қоспағанда, ЕАЭО аумағына уақытша әкелінген шетелдік көлік құралдарына қатысты.