Асылханова Арайлым – 1996 жылы туылған, мамандығы «Тіс дәрігері», Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің түлегі.
А. Асылханова жұмыспен қамту орталығына жолығу барысында, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жобасы жөнінде мамандардан кеңес алды. Нәтижесінде, алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін мамандығы бойынша Жастар тәжірибесіне жолдамамен «Туленов Н.М" Стоматология "Altyn tis".» ЖК жолданды.
Бағдарлама қатысушысы, А. Асылханова жастар тәжірибесін аяқтаған соң, аталған мекемеге тұрақты жұмысқа қабылданды.