Ақтөбелік полицейлер «Жанды белгілер» ерекше акциясын өткізді

Ақтөбелік полицейлер «Жанды белгілер» ерекше акциясын өткізді

Ақтөбе облысы Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, "Назар аударыңыз, жаяу жүргінші" жедел – алдын алу іс-шарасы аясында "Жанды белгілер" үгіт акциясын ұйымдастырды. Бұл акцияға "Жол қозғалысы және цифрлық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы" КММ қызметкерлері қатысты.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жаяу жүргіншілер өткелінен азаматтардың қауіпсіз өтуіне жүргізушілердің назарын аударту. Қаламыздың жанданған көшелерінің жиегінде қызметкерлер сағатына 20, 40, 60 км жылдамдықты шектеу белгілерімен және "Жылдамдықты азайтамыз, адам өмірін сақтаймыз" үгіт плакаттарымен шықты. Ал жаяу жүргінші өткелдерінің алдына құлаққаптарды шешіп, ұялы телефонды сөндіріп, жолдан қауіпсіз өтуге арналған жаяу жүргіншілерге арнайы жазулар сызылды.

Көрнекі мысалдан басқа, жаяу жүргіншілермен және автомобиль әуесқойларымен жүйелі түрде профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, жадынамалар таратылады.

Ағымдағы жылы Ақтөбе облысының аумағында ЖКО саны 16,3% - ға төмендегені байқалады. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен 77 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 7 жаяу жүргінші қаза тауып, 72 адам жарақат алды. Ал балалардың қатысуымен 40 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан бір бала қаза тауып, 52 бала жарақат алды.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолдарда сақ болуға шақырады.