Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында Ақтөбе қаласының әкімі А.Шахаровтың төрағалымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары жөніндегі және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомтсвоаралық комиссияның отырысы өтті.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу бойынша қабылданған шаралар туралы қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Жандос Әлімов баяндады.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығын беру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың профилактикасы туралы қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Әлібек Серікбаев баяндама жасады.
Объектілерді салу және оларды пайдалануға беру кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға жол бермеу туралы қалалық құрылыс бөлімі басшысының м.а. Бауыржан Жантурин ақпараттандырды.
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына ықпал ететін себептер туралы жергілікті полиция қызметінің бастығы Жаслан Жексембаев айтып берді.
Ақтөбе қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның өткен 5 ай аралығында атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы Ақтөбе қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Зарина Бисимбаева баяндады.
Күн тәртібінде бекітілген сұрақтарды қарауды қорытындылай келе, қала әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде нақты тапсырмалар берді.