Тұрғындар қалашығы жаңарады

Тұрғындар қалашығы жаңарады

Ақтөбеде Тұрғындар қалашығында ауданның тарихи келбетін сақтай отырып жаңарту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі уақытта Ақтөбе облыстық әкімдігі мен «Казхром ТҰҚ» АҚ арасындағы меморандумға сәйкес, компанияның демеушілік қаражатына осы аудандағы 32 үйдің шатырын алмастыру, қасбетін сырлау, аулаларын реттеу және басқа да қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Бүгін БАҚ өкілдері жүріп жатқан жұмыс барысымен танысты. Жалпы, осы Тұрғындар қалашығы ауданында өткен ғасырдың 1950-ші жылдары салынған 100-ге жуық ескі үйлер бар. Бәрі де жөндеуді қажет етеді. Биыл үйлерді жөндеу ғана емес, аулаларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын абаттандыру, спорттық алаңдар, балалар алаңдарын орнату сияқты кең көлемді жұмыстар жасалатын болады. «Ең басты мәселе келер ұрпақ үшін тарихи ауданның келбетін сақтау болған еді. Біз қазір бұл мәселе шешімін тапқанын көріп отырмыз. Біз бұл шаралар тұрғындарға қолайлы орта жасау мақсатында қолға алынғанын білеміз. Өзіміз жөндейтін, өте қымбатқа түсер еді. Сондықтан, осы жұмыстар үшін алғысымыз ешксіз", - деп тұрғындар ризашылықтарын білдірді.