Жұмыссыздарға лайықты бос жұмыс орнын табу мүмкіндігі ұсынылды

Жұмыссыздарға лайықты  бос жұмыс орнын табу мүмкіндігі ұсынылды

«Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ ұйымдастырылуымен кезекті екінші бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қызмет көрсету саласындағы 32 кәсіпорын мен ұйым қатысып, 650 бос жұмыс орны ұсынылды.
Жәрмеңкеде «Астық Логистик» ЖШС, «Қазбекова Э.Х.» ЖК, «КТП» ЖШС және т.б. сияқты кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында «Интерстиль» ЖШС және «Стройком+сервис» ЖШС уақытша 157 бос жұмыс орындарын ұсынды. Оның ішінде, жұмысшы, электрик, күзетші, жобаның бас инженері, жүргізуші, дәнекерлеуші және т.б. мамандықтар сұранысқа ие болды.
Жәрмеңкеге 107 жұмыссыз жолықты. Оның ішінде: Астана және Алматы ауданы пробация бөлімінің есебінде тұрғандар, алимент төлемеген борышкерлер және жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Жалпы 69 жұмыссыз азаматтарға жолдама берілді.
Шара барысында «Еңбек» бағдарламасы аясында белсенді шаралар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.