«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ»

«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ»

23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай

 «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ»

тақырыбындағы ең үздік эссе байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:

1.1. Байқаудың өту уақыты: 2021 жылдың маусым айы.

1.2. Мақсаты: Мемлекеттік тілді қолдану арқылы мемлекеттік қызметтің маңыздылығын арттыру.

 БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ:,

2.1. Байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу және қорытынды кезең.

2.2. Байқауға Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері қатыса алады.

2.3. Эссе «Times New Roman», 14-шрифт, А-4 форматынан аспауы тиіс (электронды нұсқасы қажет).

2.4. Байқауға жіберілетін жұмыстар мемлекеттік тілде қабылданады.

 БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

3.1. Авторлық көзқарас, айтылған ойдың дәлдігі, шыншылдық;

3.2. Жазу және грамматикалық сауаттылығы;

3.3. Эссенің құрылу тәртібі (стилдік бірлік, сөз көркемдігі мен сөздік қорының молдығы және т.б.);

3.4. Эссе құрылымының сақталуы (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды);

3.5. Байқауға қатысуға ниет білдірушілердің өтініштері 2021 жылдың 21 маусымға дейін қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің kultura_aktobe83@mail.ru электронды поштасына жіберілуі тиіс;

3.6. Байқауға қатысуға өтінімдер №1 қосымшаға сәйкес толтырылады;

3.7. Байқау онлайн форматта өткізіледі.

Қосымша №1

 

Қатысушының

аты-жөні       

 

Жұмыс орнының атауы, мекен-жайы

 

Лауазымы

 

Эл. поштасы

 

Байланыс телефоны

 

 БАЙҚАУДЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ:

  4.1. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.

  4.2. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және мүшелерінен тұрады. 

  4.3. Қазылар алқасының шешімі бойынша хаттама рәсімделеді.

 4.4. Байқау нәтижесі Ақтөбе қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.

ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ:

5.1. Байқауға қатысушыға қойылған талаптардың дұрыс орындалуына назар аударылады.   

5.2. Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде және 1, 2, 3 - жүлделі орындар анықталады. Жеңімпаздар диплом, Алғыс хаттармен марапатталады.

 БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ:

   Мекен-жайы: Актөбе қаласы, Жеңіс даңғылы 31,«Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК

    Телефон: 8(7132) 41-80-09

    Электрондық мекен-жайы: kultura_aktobe83@mail.ru