Жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілді

Жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілді

Ақтөбе қаласының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы мамандары Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерімен бірлесе отырып, "Астана" саябағы аумағында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалысын реттеу мақсатында қажетті жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізді. Қала тұрғындары мен қонақтарын саябақ аумағында жол жүру ережесі мен жол белгілері талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.