Мектеп ауласында алма бағы ашылды

Мектеп ауласында алма бағы ашылды

Қала әкімі Асхат Шахаровтың қатысуымен «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындаы №60 мектеп ауласында «100-ге жуық алма ағашы отырғызылды. Алма ағашының сорты: оралдық піскен қызыл алма. Мамандар 4-ші жылы жемісін береді дейді. Алма бағының ашылуына №60 мектептің мұғалімдері, ата-аналар үлес қосты. Алма бағы болатын жердің көлемі – 10 соток.
Бұған дейін мектеп ауласына сорты бөлек «Глаука-Кебаб» тікенді көгілдір шырша ағашының 14 түбі, 20 өрік ағашы отырғызылды.
Сәуір айынан бастап мектеп ауласына, мектеп айналасына және Есет батыр ескерткішінің айналасына сенбіліктер жасалып, 10 тонна қоқыса шығарылды. Алдағы уақытта мамыр айының ортасында 10 000 дана петуния (шегіргүл) мектеп ауласының алдына отырғызылатын болады.