Вавилов көшесінде асфальт жамылғысының төменгі қабатын төсеу жұмыстары басталды

Вавилов көшесінде асфальт жамылғысының төменгі қабатын төсеу жұмыстары басталды

Бүгін Вавилов көшесінің бойында Маресьев көшесінен ағайынды Жұбановтар көшесіне дейінгі жол бөлігі жартылай жабылды.
Алдағы күндері Ағайынды Жұбановтар көшесінен Рысқұлов көшесіне дейінгі және Рысқұлов көшесінен Сәңкібай батыр даңғылына дейінгі учаскелерде автокөлік құралдары үшін қозғалысты кезең-кезеңмен ішінара уақытша шектеу жоспарлануда.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және автокөлік иелерінен қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Өткен жылы Кеңес Одағының Батыры атындағы осы көшенің көне асфальті алынды. Тұрғындар жол жұмыстары қашан жалғасатынына қызығушылық танытқан болатын. Бүгін сол жұмыстар басталды.