Ақтөбеде жол жұмыстары басталды

Ақтөбеде жол жұмыстары басталды

Техниктер мен мамандар қазір 312-атқыштар дивизиясы даңғылында жұмысқа кірісті. Мұнда Нокин көшесінен Ломоносов көшесіне дейінгі аралықта автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу жоспарланған.
Асфальттың төменгі қабаты, қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетон төселеді.
Жол қозғалысы толық тоқтатылмайды. Жұмысшы бригадалар жұмыс істейтін аралықтарда ғана уақытша ішінара шектеу бар.
Жоба бойынша Нокин көшесінен Ломоносов көшесіне дейінгі жол бөлігінде асфальт жаңартылып қана қоймай, жаңбыр мен еріген қар суы жолдың бойында қалмауы үшін нөсер кәрізі жүйесі де жабдықталатын болады.
Қалалық әкімдіктің ресми парақшаларында, оның ішінде қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің парақшасында жол жұмыстарының барысы туралы баяндайтын боламыз.