Баланың атын,әкесінің атын және тегін қою

Баланың атын,әкесінің атын және тегін қою

✅Баланың есімі өзара келісім бойынша ата-аналарымен немесе баланың басқа да заңды өкілдерімен беріледі.
Баланың әкесінің аты оның әкесі болып көрсетілген адамның аты бойынша беріледі.
✅Ата-аналарының қалауы бойынша балаға екі есімнен тұратын қосарланған есім беруге болады. Бұндай жағдайда қосарланған есім бөлек немесе дефис арқылы жазылуға тиіс.
🔴Баланың тегi ата-аналарының тегiмен айқындалады. Ата-аналарының тегi әртүрлi болған кезде ата-аналарының келiсiмi бойынша балаға әкесiнiң немесе анасының тегi берiледi.
🔴Ата-аналарының қалауы бойынша баланың тегi ұлттық дәстүрлерді ескерiле отырып, әкесінің аты бойынша, немесе әкесiнің я анасының тарапынан атасының аты бойынша берілуі мүмкін.
✅Басқа ұлтты адамдарының тілегі бойынша олардың тегін, атын және әкесінің атын жазу олардың ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіледі.
✅Егер баланың ата-анасы баланың атына немесе тегiне қатысты ортақ келісімге келе алмаса, туындаған келiспеушiлiктер тек қана сот тәртiбiмен шешiледі.
✅Егер бала некеге тіркелмеген анада туылса (жалғызбасты ана), онда баланың аты анасының көрсетуі бойынша беріледі, әкесінің аты баланың әкесі ретінде жазылған адамның аты бойынша беріледі, ал тегі – анасының тегі бойынша немесе ұлттық дәстүрлерге байланысты баланың анасы тарапынан атасының аты бойынша беріледі. Анасының қалауы бойынша «әкесі» деген бағана көрсетілмей бос қалдырылу мүмкін. Егер анасы «әкесі» деген бағананы көрсеткісі келсе, онда әкесінің тегі анасының тегі бойынша, ал әкесінің аты – оның қалауы бойынша жазылады.
🔴Ата-аналарының екеуi де тегiн өзгерткен кезде кәмелетке толмаған балалардың тегi өзгередi.
🔴Бала он алты жасқа толғанға дейiн ата-аналары бiрлескен өтiнiшi бойынша баланың атын, сондай-ақ оған берiлген тектi ата-анасының екіншісінің тегiне өзгерте алады.
✅Он жасқа толғаннан бастап атын немесе тегін өзгертуге заңды өкілдердің қатысуымен алынған баланың жазбаша түрде келісімі қажет.
✅Жеке адамның тегіне "тегі", "ұрпағы", "немересі", "шөбересі", "келіні" деген және басқа да сөздерді қосып жазуға жол берілмейді.