Онлайн түрде некеге тұру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының азаматтығы бар және 18 жасқа толған азаматтар бере алады.
еgov.kz электрондық порталы арқылы некені тіркеуге өтініш берудің қадамдық нұсқасы:
1 қадам. Ұсынылған тәсілдердің бірін пайдаланып, порталға кіру қажет:
ЭЦҚ арқылы
Бір жолғы жасырын сөз
сим-картадағы ЭЦҚ
Digital-ID,
QR-код.
Логин/жасырын сөз
2 қадам. «Отбасы» парағына кіріңіз.
3 қадам. «Отбасы жағдайы» парағына өтіп, «Некені тіркеуге электрондық өтініш беру» қызметін таңдаңыз.
4 қадам. Парақшаның оң жағындағы үстіңгі бұрышындағы «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.
Егер қызмет ақысын Сіз төлейтін болсаңыз, «Мемлекеттік бажды төлеуді мен жүргіземін» деген батырмасын басу қажет. Одан кейін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 11-бабында көрсетілген неке қиюға кедергі келтіретін мән-жайлардың жоқ екенін растаймыз» деген батырманы басу қажет.
Барлық қажетті жолдар толтырылған болса, «Қол қою және жіберу» батырмасын басу қажет.
Осымен, бір жаққа қатысты мәліметтерді толтыру аяқталып келеді, егер қызмет ақысын Сіз төлейтін болып белгілесеңіз, «Қол қою және жіберу» батырмасын басқаннан кейін, Сізді келесі – төлеу кезеңіне аударып жібереді.
6 қадам. Төлеу кезеңінде өтініш беру орны бойынша мемлекеттік салықтар органын көрсету қажетті терезе ашылады. Салық органын таңдағаннан кейін «Сұрау жіберу» батырмасын басу қажет (қызмет құны - 1 АЕК – ағымдағы жылы 2917 теңге)
7 қадам. Бұдан кейін, Сізді электрондық үкіметтің төлеу шлюзына аударып жібереді, бұнда, көрсетілген тәсілдерінің бірімен мемлекеттік баж салығын төлеу қажет болады. Егер барлығын дұрыс жасап, төлем ойдағыдай өтсе, Сіз электронды чек пен қызмет төленгендігі туралы хабарлама аласыз.
8 қадам. Бұдан кейін, Сізді «Қол қою» кезеңіне аударып жібереді, бұнда ұсынылған тәсілдердің бірімен қол қойып бекіту қажет.
9 қадам. Енді тек екінші арыз берушінің (болашақ жұбайыңыздың) қол қоюын күту қалды, яғни, ол өтінішті растау қажет. Өтініш растауды 48 сағаттан артық емес уақыт күтеді, одан кейін жойылып кетеді. Екінші арыз беруші (болашақ жұбайыңыз) өз жағын растамағанша, АХАТ бөліміне неке қию туралы өтінішіңіз түспейді.
10 қадам. Екінші арыз беруші (болашақ жұбайыңыз) порталға кіргеннен кейін, жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан «жеке кабинетінде» «қызметтер алу тарихы» бөліміне кіру қажет. Бұл бөлімде «Бекітун күту: некені тіркеуге электронды өтініш беру» деген хабарламаны көреді.
11 қадам. Бұл хабарламаны басамыз, ішінде «статустық парақша» қосылып тұрады, соны басамыз.
12 қадам. Әрі қарай «Қабылдаушылар» бағаны шығады, «Құптау» немесе «Бас тарту» деген ақымдағы мәртебесін таңдаймыз. Егер сіз некені тіркеуге өтініш жіберген адаммен некеге тұрғыңыз келсе, «Құптау» деген батырманы басасыз, ал егер онымен некеге тұрғыңыз келмесе «Бас тарту» деген батырманы басасыз.
13 қадам. «Құптау» деген батырманы басқан болсаңыз,өтініш балнкісі шығады, бұнда барлық жолдарды толтырасыз: бірінші жақ толтырғандай сізге де қатысты сұрақтарға жауап бересіз.
Барлық қажетті жолдарды толтырып, қажетті батырмаларды басқаннан кейін, «Қол қою және жіберу» батырмасын басамыз.
14 қадам. Ұсынылған тәсілдердің бірін пайдаланып, өтінішке қол қоясыз.
Осымен, онлайн түрде некеге тұру туралы өтініш беру аяқталды.
Бір тәулік ішінде сіздің жеке кабинетіңізге АХАТ бөлімінен некеңіз тіркелетін күні көрсетілген хабарлама түседі.
Өтініш бергеннен кейін, заңнамамен бір ай мерзім беріледі. Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс күні болмаса, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
Бекітілген күні, некеге тұру қалауыңызды растайтын болсаңыз, болашақ жұбайыңызбен бірге АХАТ бөліміне келу қажет. Өзіңізбен бірге жеке басын растайтын құжаттардың түпнұсқасын әкелу қажет.
Маңызды: неке қиюды сенімхатпен немесе өкілдікпен жүргізуге жол берілмейді! Белгіленген күні неке тұрушылар немесе оның біреуі келмеген жағдайда – неке тіркелмейді, өтініш өз күшін жояды.
Р.С. Шет ел азаматтары некеге тіркеуге онлайн түрде арыз бере алмайды. Арыз беру үшін АХАТ бөліміне келіп беру қажет, маманмен кеңес алып жинаған құжаттар топтамасымен