«Еңбек жолы»-2021 конкурсы

«Еңбек жолы»-2021 конкурсы

2021 жылғы 15 наурыз бен 01 шiлде аралығында «Еңбек Жолы» байқауына қатысуға ниеттенген үмiткерлерден өтiнiмдер қабылдана бастайды.

Конкурс «Үздiк еңбек әулетi», «Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi», «Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi» номинацияларынан тұрады.

Аталған конкурс жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерiн сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздiк еңбек әулеттерi мен өндiрiс қызметкерлерiн анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесiн арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнiмдiлiгiн ынталандыруға ықпал етедi.

Конкурс 2 кезеңде өтедi: «Еңбек жолы» конкурсы жеңiмпаздарын облыстық және республикалық деңгейде iрiктеу.

Республикалық комиссия жеңiмпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бiрiншi, екiншi, үшiншi орындар) анықтайды.

Конкурсқа кәсiпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлерi қатыса алады.

  • «Үздiк еңбек әулетi» — ең ұзақ еңбек өтiлi, ең көп марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.
  • «Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi» — өндiрiстiң еңбек өтiлi 5 жылдан аспайтын ең белсендi және еңбекқор қызметкерi таңдалады.
  • «Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi» — кемiнде 20 жыл жұмыс өтiлi бар ең белсендi және тиiмдi тәлiмгер таңдалады.

Конкурстың әр номинация бойынша жеңiмпаздарды ақшалай марапаттау мақсатында 1 орынға — 1 000 000 (бiр миллион) теңге, 2 орынға  — 500 000 (бесжүз мың) теңге, 3 орынға — 200 000 (екiжүз мың) теңге мөлшерiнде сертификаттар берiледi.

«Еңбек Жолы» конкурсын өткiзу жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныстарға сәйкес «Еңбек Жолы» облыстық конкурсына қатысу үшiн үмiткерлерден алынған ресiмделген материалдарды «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-не (Ақтөбе  қ. Маресьев к., 101) 2021 жылғы 01 шiлде күнi дейiнгi мерзiмде қолма-қол ұсыну қажет.

«Еңбек Жолы» конкурсын өткiзу жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныстар «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нiң https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social  ресми сайтында жарияланды.

Еңбек әулеттерiнiң өкiлдерiн, сондай-ақ ынталы жас қызметкерлердi сондай-ақ олардың тәлiмгерлерiн Конкурсқа белсендi түрде қатысуға шақырамыз.

«Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар