Хабарлама
«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі (Ақтөбе қ., Тургенев к, 98/5) Ақтөбе қаласы аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығару қызметтері бойынша үздік қызмет көрсетушіні таңдау бойынша конкурс жариялайды.
Конкурсқа жіберілетін аймақ тізімі және конкурсқа қатысушыларға талаптар туралы толық ақпараттар конкурстық құжаттамада көрсетілген. Конкурсқа біліктілік талаптарына сәйкес барлық әлеуетті жабдықтаушылар жіберіледі.
Конкурстық құжаттаманың бумаларын 2021 жылдың «5» сәуірі сағат 13.00 дейін келесі мекенжай бойынша алуға болады: Ақтөбе қ., Тургенев к., 98/5, «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі.
Конкурстық құжаттамалар тегін ұсынылады. Өзімен бірге оны алуға құқысы бар сенімхаты болу керек.
Ақтөбе қ., Тургенев к., 98/5, мекенжайы бойынша «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі (сағат 9.00-ден 18.00 дейін) конкурс ұйымдастырушысына конвертке салынған конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер әлеуетті жабдықтаушымен жеткізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2021 жылдың «5» сәуірі сағат 18.00 дейін.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер конверттері келесі мекенжай бойынша (Ақтөбе қ., Тургенев к., 98/5) 2021 жылдың «6» сәуірі сағат 10.00 ашылады.