Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты М.Балтымованың төрағалығымен Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессия отырысы өтті.
Күн тәртібінде: «Ақтөбе қаласындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерді, оның құрамдас бөліктерін атау және қайта атау туралы» мәселесі қарастырылды. «Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы Әсел Саматқызы Бөлекова баяндама жасады.
Сессия отырысына Ақтөбе қаласының әкімі, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, Ақтөбе қаласының қоғамдық кеңес мүшелері, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарлары, Ақтөбе қаласы «Астана» және «Алматы» аудандарының әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Ақтөбе қаласы жыл өткен сайын көлемі ұлғайып, көркейіп келеді. Ономастика саласындағы жарияланған тоқтам салдарынан қаламызда атаусыз көшелер саны артып, тұрғындардан ұсыныстар жиі түсуде.
Ұсынылып отырған атаулар 2019 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі №19-32-20.357-5 тапсырмасымен ономастика саласында атау беру ісінде басшылыққа алу үшін бекітілген «Тарихи тұлғалар» (345 есім) мен «Жер-су атаулары» (380 атау) тізімінен алынды. Сонымен қатар, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне келіп түскен ұсыныстар да қосымша ұсынылды.
Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша өткен қоғамдық тыңдауда халық арасында барлық ұсынылып отырған атаулар қолдау тапқан болатын.
Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессия отырысында:
Ақтөбе қаласы «Астана» ауданының атаусыз көшелерін - Айнакөл, Ақойман, Желтоқсан батырлары, Қорғанжар атауларымен атау туралы ұсыныстар;
Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының атаусыз көшесін - Аягөз атауымен атау туралы ұсыныс;
Ақтөбе қаласы «Астана» ауданының атаусыз құрамдас бөліктерін:
1) Атауы жоқ шағын ауданын – «Батыс» тұрғын үй алабы;
2) Атауы жоқ шағын ауданын – «Ұлы Дала» тұрғын үй алабы;
3) Атауы жоқ шағын ауданын – «Самал» тұрғын үй алабы;
4) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Жаңақоныс-2» тұрғын үй алабы;
5) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Таңшолпан» тұрғын үй алабы;
6) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Қанағат» тұрғын үй алабы;
7) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Бауырластар» тұрғын үй алабы;
8) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Бауырластар-2» тұрғын үй алабы
деп атау туралы ұсыныстар;
Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының атаусыз құрамдас бөліктерін:
1) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Есет батыр» тұрғын үй алабы;
2) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Көктем» тұрғын үй алабы;
3) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Балауса» тұрғын үй алабы;
4) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Жібек Жолы» тұрғын үй алабы;
5) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Жарық» тұрғын үй алабы;
6) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Саяжай» тұрғын үй алабы;
7) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Ақшат-2» тұрғын үй алабы
8) Атауы жоқ тұрғын үй алабын – «Ақжар-2» тұрғын үй алабы деп атау туралы ұсыныстар;
Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының келесідей көшелерін:
1) Интернациональный көшесін - Сегіз сері көшесі;
2) Центральный көшесін – Мұхаммед-Салық Бабажанов көшесі;
3) Набережный көшесін - Жаяу Мұса көшесі;
4) Набережный көшесін - Мұрат Мөңкеұлы көшесі;
5) Мир көшесін - Қабылиса жырау көшесі деп қайта атау туралы ұсыныстар мақұлданды.