Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін цифорлық үкіметтің веб-порталын (egov.kz) пайдаланыңыз:
- egov.kz порталына кіріп, ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе eGov Mobile QR-коды арқылы авторизациядан өтіңіз;
- Іздеу жолағына «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту» деп жазыңыз;
- Қызмет парақшасына өтіп, «Қызметті онлайнға тапсырыс беру» батырмасын басыңыз;
- Өтінімді толтырыңыз:
- Жер учаскесі орналасқан аймақтың әкімдігін (лицензиарды) таңдаңыз;
- Жердің кадастрлық нөмірін жазыңыз (ол мемлекеттік актіде көрсетілген);
- Жердің қазіргі нысаналы мақсатын және ауыстырғыңыз келетін жаңа мақсатын көрсетіңіз.
- Құжаттарды жүктеңіз: қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны туралы актінің электронды көшірмесін қоса тіркеңіз;
- Өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойып, ведомствоға жіберіңіз.